Қытай делегациясы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да

2019 жылдың 18-ші  шілде күні М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Қытайдың Янлин қаласының Солтүстік-Батыс орман және ауыл шаруашылығы университетінің делегациясы келді. Осы оқу орнымен біздің ЖОО екі жақты ынтымақтастық туралы шартқа қол қойған болатын. Соның арқасында университетіміздің 6 студенті ҚХР-да бір семестр көлемінде білім алды. Академиялық ұтқырлық бойынша білім беру сапарына тағы бір топ дайындалуда. Сонымен қатар, 6 оқытушы аспан асты елінде тағылымдамадан өтті.

Аграрлық ғылымдар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізіліп жатыр.  2018 жылдың қыркүйек айында М. Қозыбаев атындағы  СҚМУ АБС базасында Агротехнопарк ашылды. Оның жұмысы аясында біздің ЖОО-ның үш оқытушысы докторантурада, ал біреуі магистратурада СБОАШУ мақсатты гранттарына ие болды. Қытайлық әріптестермен жабдықтар, ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды, дәнді дақылдардың 35-тен астам сұрыпы әкелінді. Сонымен қатар бөлінген тәжірибелер де баршылық. Тәжірибелік зерттеулерді біздің студенттер мен магистранттар оқытушылардың жетекшілігімен жүргізеді.

Бұл жолы аспан асты елінен келген, профессорлар  Zhang Zhengmao, Hu Yingang, Guo Dongwei қонақтары АТП-да болып, эксперименттермен танысты. СҚО климаттық және топырақ жағдайларында Қытай селекциясының бидай, бұршақ, маш, жүгерінің өсу қарқынын зерттеді.

Сондай-ақ, делегация М. Қозыбаев атындағы СҚМУ түлектері еңбектеніп жатқан ауыл шаруашылығы өндірісінің алқаптарында да болып қайтты.

19.07.2019