М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Байқау кеңесінің отырысы

2019 жылдың 5 шілде күні М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Байқау кеңесінің алтыншы отырысы өтті. Күн тәртібінде: демеушілік және қайырымдылық көмек пен қосымша көздерден алынған қаражатты бөлу, университеттің 2016-2019 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын орындау. Бұдан бөлек, білім алушылардың бос гранттарға беру өтініштері және оқу орындарын жалға алу мақсатында қаражат бөлу мүмкіндіктері қаралды.

Отырыс барысында Байқау кеңесінің мүшесі, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ҚХА кафедрасының меңгерушісі, Анатолий Башмаковты 70 жасқа толуымен құттықтады. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Серік Өмірбаев мерейтой иесін тағы бір мәрте құттықтап, естелік кәдесыйлар мен университетіміздің құрметті профессоры атағын беріп, оның үстіне шапан жапты.

Біздің ЖОО Анатолий Афанасьевичті жерлес, Отан үшін еңбек етіп жүрген адам ретінде таниды. Әсіресе, соңғы жылдары оның республика ҚХА кафедралары қауымдастығының жетекшісі лауазымында атқарған қызметі біздің "Қазақстан халқы ассамблеясы" кафедрасымен тығыз қарым-қатынас жасауға, жоғары оқу орнымен ынтымақтасуға мүмкіндік берді. Осы сәтті пайдалана отырып, ұлы азаматты жарқын күнмен шын жүректен құттықтаймыз!

05.07.2019