2019 жылғы түлектерге дипломдар табысталды

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да 2019 жылдың 1-3 шілде аралығында Инженерлік және сандық технологиялар, Агротехнологиялық факультеттердің және Тіл және әдебиет институтының түлектері көптен күткен дипломдарын қолдарына алды. Студенттер бұл күнге 4 жыл бойы аянбай оқып, жетті.

Төрт жыл – төрт күндей өте шықты. Айтулы шараға университетіміздің оқытушылары, түлектері және олардың  ата-аналары мен туыстары қатысты. 

Осы жылы «Инженерлік және сандық технологиялар» факультетін 313 студент аяқтады. Олардың 23-і магистлік дипломға ие болды, «Тіл және әдебиет институтын» 205 түлек, олардың 19-ы магистрлер, сонымен қатар, ағымдағы жылы «Агротехнологиялық» факультетінің алғашқы 91 бітірушісі ересек өмірге қадам басты.

Өңіріміздегі беделді оқу орнын тәмамдап, ерекше үлгідегі диплом алған түлектердің қуаныштары шексіз. Олардың алдындағы ендігі жолдары Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі үшін елеулі еңбек ету.

03.07.2019