Солтүстікқазақстандық түлектер М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да ҰБТ тапсырды

2019 жылдың 24 маусым күні М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Петропавл қаласының және СҚО Мамлют, Қызылжар, Ақжар аудандары оқушыларының алғашқы легі ҰБТ тапсырды. Тестілеу басталмай тұрып, ҰБТ өткізу пункті металл іздегішпен, ұялы байланысты бәсеңдеткіш құрылғылармен жабдықталған болатын. Бұл күні университет қабырғасында 500 оқушы сынақтан өтті. Емтиханда түлектерге жалпы 3 сағат 40 минут уақыт берілген.

Солтүстікқазақстандық ұлттық бірыңғай тест тапсырушылар үшін СҚМУ-де барлық жағдай жасалды: түлектерге кең де жарық 9 аудитория, ата-аналар мен тілеулес туған-туыстары үшін жылдағыдай далада емес, арнайы кабинетте монитор қойылды. Бұдан ата-аналар оқушының қай аудиторияға жайғасқанына дейін  бақылай алды. Тәртіп сақшылары мен денсаулық саласының мамандары да тік тұрып қызмет етті. 

Айта кеткен жөн, ҰБТ мен Кешенді тестілеудің жаңа форматы бойынша мектеп түлектері 5 пәннен тест тапсырады. Олардың 3-еуі барлық жоғары білім мамандықтарына түсу үшін міндетті пәндер болып табылады, ал қалғаны әрбір нақты мамандықтарға сәйкес болады (бейіндік пәндер). Жоғары балл саны: 140. Бейінді пәндер таңдайтын мамандыққа байланысты таңдалады. Ал шекті деңгей балды алмаған жағдайда, ақылы негізде оқуға түсу үшін тамыз айында тестілеуді қайта тапсыру қарастырылған.

24.06.2019