М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінің муай-тай бойынша Қазақстан чемпионатындағы жеңісі

Біздің ЖОО студенттері 2019 жылдың 10-15 маусым аралығында Қостанай қаласында өткен тай боксы бойынша Қазақстан чемпионатынан 2 медальға ие болды. Дүбірлі додаға жігіттер мен қыздардың 100-ге жуық спортшылары қатысты. Турнир ҚР жауынгерлік өнер Қауымдастығының қолдауымен өтті. Біздің студенттеріміздің тәлімгері- СҚО командасының аға жаттықтырушысы Иван Ван-Хон-Тун.

Атап өткен жөн, Солтүстік Қазақстан құрамасы аталмыш жарыста 3 орынды иеленді. Бұл нәтижеге, соның ішінде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінің жеңістерінің арқасында қол жеткізілді.

Чемпионатта муай-тайдан спорт шебері Евгений Зайцев қола жүлдені жеңіп алды. Ал, атақты спортшы Руслан Заякин Республикалық команда құрамындағы өз орнын дәлелдеп, жарыс чемпионы атанды.

Енді, 19 шілде күні Руслан Бангкок қаласында (Таиланд) өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Тай боксы-олимпиадалық спорт түрі емес болғандықтан, мұндай деңгейдегі турнирде жеңіс спорттық мансабының жоғары сатысы болып табылады.

18.06.2019