М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да докторанттар аттестаттаудан өтті

2019 жылдың маусымның 7-сі университетте білім алып жүрген докторанттар аттестаттаудан өтті. Техникалық мамандықтар бойынша оқитын 1-3 курс докторанттары ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша аттестаттаудан өтіп, жылдық қорытынды есептерін берді. Алдағы уақытта басқа мамандық бойынша білім алып жатқан докторанттар да аталған сынақтан өтуге дайын болулары тиіс. Бұл барлығына ортақ талап. 

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ базасында ғылыми кадрларды толыққанды және жүйелі циклде даярлау үшін 2 жыл бұрын PhD докторанттарының диссертацияларын қорғау бойынша диссертациялық кеңес ашылған. Оның құрамына Қазақстан мен шетелдің жетекші ғалымдары кіреді. Айта кету керек, СҚМУ халықаралық аккредитациясы бар шетелдік жоғарғы оқу орындарымен  белсенді әріптестік жұмыс жүргізуде.

Білім алушылар Қазақстан мен шетелдік жетекші жоғарғы оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтіп, белгіленген тәртіппен білім бағдарламаларын игереді. Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар тұлғалар 3 жыл нормативті оқу мерзіміне қабылданады. Оқу барысында олар міндетті түрде аттестациядан өтеді.

10.06.2019