"ҚР және РФ жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби-бағдарлы тілдік даярлығын ұйымдастыру" атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинары

2019 жылдың 31-ші мамырында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің "Шет тілі" кафедралары "ҚР және РФ жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби-бағдарлы тілдік даярлығын ұйымдастыру" тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырды.

            Семинарға ОмМПУ, ҚРҰҰӘИ, ҚазХҚжӘТУ оқытушылары қатысты. Петропавл қ. НЗМ, Қызылжар ауданының "Парасат" мектеп-лицейі, СҚМУ "Шет тілі" және "Герман-роман филологиясы" кафедраларының ПОҚ қатысты.

            Семинардың мақсаты РФ және ҚР тілдік емес мамандықтарының студенттеріне шет тілдерін оқыту тәжірибесімен алмасу болды.

Семинар барысында келесі сұрақтар талқыланды:

- кәсіби-бағытталған тілдік дайындықтың мәселелері мен перспективалары;

- студенттерді деңгейлік оқытудағы ерекшеліктер;

- тілдік емес мамандықтар студенттерінің тілдік құзыреттілігін бағалаудың қазіргі құралдары;

- шет тілін оқып жүрген университет студенттеріне жасалған ақпараттық білім беру кеңістігінің мүмкіндіктері;

- студенттерді өзіндік оқу іс-әрекетінің стратегияларына оқыту;

- мәдениетаралық коммуникация және шет тілдерін оқытудағы құзыреттілік көзқарас мәселелері;

- шетел студенттерінің ЖОО-да шет тілі және т. б. сабақтарында оқу жағдайларына бейімделу мәселелері;

  

03.06.2019