М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға Әлік Шпекбаев іс-сапармен келді

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Әлік Шпекбаев Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келді. 2019 жылдың 29-шы мамырында мемлекеттік қызметші жұмыс барысында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға да соқты.

Университет ректоры Серік Өмірбаев Әлік Жатқамбайұлын «Инженелік және сандық технологиялар» факультетінің зертханалық аудиторияларын көрсетті. Кейін делегация өкілдері оқу ордамыздың «QYZYLJAR» студенттерге қызмет көрсету орталығынының жұмысымен танысты. Орталық жетекшісі меймандарға студенттерге көрсетілетін қызметтер жайында  айтып берді. Бұл орталықта білім алушыларға 34 қызмет көрсетіледі. Таныстырылым барысында  Әлік Шпекбаев ондағы өз кезегін күтіп отырған білім алушылармен әңгімелесті.

Айта кету керек, 2018 жылдың 25-ші желтоқсанында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік ортаны қалыптастыру мақсатында университетімізде «Саналы Ұрпақ» жобалау офисі ашылған болатын және білім ордамызға іс-сапардың басты назары да дәл осы кеңсеге аударылған.

Жобалау офисінде ҚРМҚІжСЖҚІА төрағасы Әлік Шпекбаев ондағы оқытушылар және студенттермен университеттегі білім беру жүйесі және сыбайлас жемқорлықты алдын алу туралы әңгімелесті.

29.05.2019