Қазақстанда алғаш рет қызылжемсаулы қарашақаздар мен сұр қаздар белгіленді!

2019 жылғы 5-18 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданының аумағында Қытай Ғылым Академиясының (The Research Center for Eco-Environmental Sciences, Chinese Academy of Sciences) қоршаған орта және экологиялық ғылымдар зерттеу орталығымен 5 елдің (Болгария, Румыния, Украина, Ресей және Қазақстан)  қолдауымен "Қазақстанның солтүстігіндегі қарашақаздар мен қаздардың сирек кездесетін және аңшылық түрлері популяциясының жағдайын зерттеу (ГАЖ технологияларды, аэрофотүсірілімдерді және спутниктік телеметрияны қолдана отырып) және оларды сақтау үшін мониторинг жүйесін және іс-шаралар кешенін әзірлеу" ҚР БҒМ жобаларын іске асыру шеңберінде (The Research Center for Eco-Environmental Sciences, Chinese Academy of Sciences) "LIFE: Conservation of the red-breasted Goose along the global flyway" Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының (ҚБСА) қолдауымен Қазтәрізділер отрядының өкілдеріне, атап айтқанда қызылжемсаулы қарашақаздар мен сұр қаздарға жерсеріктік таңбалау және сақиналау жұмыстары жүргізілді. Бұл түрлерге Қазақстанда алғаш рет құстардың қоныс аудару жолдарын қадағалауға мүмкіндік беретін спутниктік таратқыштар орнатылды. Қарашақаздар мен қаздарды ғылыми түрде ұстауға М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қызметкерлері:

  • «Биология» кафедрасының меңгерушісі – В.С. Вилков, 
  • «Биология» кафедрасының аға оқытушысы – И.А. Зубань (ҚБСА Солтүстік Қазақстан филиалының төрағасы),
  • «Биология» кафедрасының оқытушысы К.С. Жадан, 
  • «Биология» кафедрасының 2 курс магистранты М.Н.Калашников, 
  • ҚБСА өкілі А.Ю. Тимошенко,

Шетелдік орнитологтар: Болгарияның екі өкілі – Михаил Илиев және Николай Петков, Ұлыбритания – Питер Крансуик, таратқыш бойынша маман, Литва – Ұлы Витовта университетінің биология кафедрасының меңгерушісі – Палаускас Альгимантас, сондай-ақ "Советское" аңшылық шаруашылығының аңшысы – Ремшов А. С.

Жұмыс қорытындысы бойынша сұр қаздың 10 дарағы (барлығы таратқыштармен белгіленген және сақиналанған), қызылжемсаулы қарашақаздың 17 дарағы ауланды (барлығы сақиналанды, 10 дарағы таратқыштармен белгіленген).

24.05.2019
ДИО ОПиИК