"Қазақстандық білім беру күндері" халықаралық көрмесі өз мәресіне жетті

2019 жылдың 20-21 мамыр аралығында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ өкілдері Нукус қаласында өткен халықаралық көрмеге қатысты. Университетіміздің оқытушылары шетел азаматтарымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Негізінен, осы қалада тұратын халықтың басым бөлігі қарақалпақ пен қазақ ұлтының тұрады екен.

Кәсіби бағдарлау жұмыстары нәтижесінде жергілікті тұрғындарды Foundation факультетінің дайындық курсы қызықтырды. Егер, түлектер емтихан тапсыра алмаған жағдайда, онда олар дайындық курстарында оқуды жоспарлап отыр. Осылайша "Қазақстандық білім беру күндері" халықаралық көрмесі Нукус қаласында аяқталды.

24.05.2019