Республикалық студенттер пәндік олимпиадасының жеңімпаздары

2019 жылғы сәуірдің 18-19 аралығында Өскемен қаласында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де өткен 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша X республикалық студенттер пәндік олимпиадасына оқу орнымыздан «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс студенттері Досан Зере, Каюмова Шохсонам, Қондыбай Айжамал, Тоқтамуротова Айгерім қатысты.

Пәндік олимпиадаға еліміздің 19 оқу орнының командалары қатысып, 4 байқау бойынша сыналып, міндетті компонент пәндері бойынша тестілеуден өтті.

Байқаулар қорытындысы бойынша М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің «Smart СҚМУ» командасы «Сенің мүмкіндігің» интеллектуалдық марафоны бойынша ең үздік команда деп аталып, мадақтау қағазымен марапатталып, міндетті компонент пәндері бойынша тестілеуден 3 орынға ие болды.

22.05.2019