СҚМУ студенттері тәртіп сақшылары және мемлекеттік органдар қызметкерлерімен кездесті

2019 жылдың 17 мамыр күні М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Петропавл қаласының полиция басқармасының мамандары және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департамент қызметкерлерімен кездесу өтті.

Шараның негізгі мақсаты: жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және өскелең ұрпақтың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыру. Тәртіп сақшыларымен ұйымдастырылған кездесуге университетіміздің  250-ден астам студенттері қатысты.

Айта кетсек, биылғы жылдан бастап елімізде Қазақстан Республикасы полиция басқармасында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, тәртіп сақшылары енгізілетін барлық өзгерістер мен жаңартуларды егжей-тегжейлі ұстаздар мен студенттерге айтып берді. Сондай-ақ, мамандар студент жастармен пікір алмасып, оларды қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департамент қызметкерлері жиылғандарға жемқорлықтың не себептен пайда болатының және онымен күрес мәселелері туралы баяндады.

21.05.2019