Магистранттарды жеңісімен құттықтаймыз!!!

10-12 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика және психология институтының «Педагогика және психология» кафедрасы магистранттар арасында республикалық ғылыми олимпиада өткізді. Олимпиадаға Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 18 команда қатысты.

Олимпиаданың бағдарламасы 4 кезеңнен тұрды:

1. Мақаланы қарастыру.

2. Шағын-зерттеуді қорғау.

3. Педагогикалық жағдайдың шешімі.

4. Білім берудің жаңартылған мазмұны туралы сұрақтар

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ магистранттарының құрама командасы I орын алды.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ командасын ұсынды:

 - "Педагогика және психология" мамандығының 2 курс магистранттары Жанпиисова Анар мен Шувалова Дарья;

- 1 курс магистранттары Киселева Ольга «Дефектология», Ермаханов Сұлтан «Педагогика және психология» және Мұхамеджанов Азат «Физика».

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

17.04.2019