Ұлттық ойындар күні

10 сәуір 2019 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің  №6 оқу ғимаратының фойесінде "Рухани жаңғыру" жалпыұлттық бағдарламасын іске асыру аясында ұлттық ойындар күні өтті. Ұйымдастырушы- М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Жастар ісі жөніндегі комитеті.

Іс-шараның мақсаты-қазақ халқының ұлттық ойындарын дәріптеу, жастарға патриоттық тәрбие беру аясында студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Іс-шара барысында барлық ниет білдірушілер асық ату, тоғыз құмалақ ойнай алды. Сонымен қатар қатысушылар үшін көрме аймағы жұмыс істеді. ЖОО кітапханасынан кітаптар мен Солтүстік Қазақстан облыстық мұражай бірлестігі мен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарихы мұражайының экспонаттары ұсынылды.Сондай - ақ концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қозғалмалы ойындар ұйымдастырылды.

12.04.2019