03-12.04.2019ж. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да ғылым апталығы өтті.

10 сәуір 2019ж. "Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері мен халықты гидрометеорологиялық қамтамасыз етудің ғылыми тәсілдері" ЛРЛ-18 оқу тобының студенттерінің Рухани жанғыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде "Қазгидромет" РМК СҚО бойынша филиалында көшпелі сабағы өтті. Сабақты гидрометеорологиялық мониторинг бөлімінің бастығы Қощугулов Дәурен өткізді. Студенттерге Филиалдың және оның бөлімшелерінің жұмысы туралы айтып, гидрометеорологиялық жұмыстарда қолданылатын қазіргі заманғы жабдықтарды көрсетті. Химиялық зертханада суды талдау қалай жүргізілетінін көрсетті. Метеожағдайлар бөлімшесіне ауа райы туралы мәліметтерді жинау қалай жүргізілетінін түсіндірді және автоматты метеорологиялық станцияны көрсетті.

Сабақты "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасының оқытушысы, магистр Новикова А. В. ұйымдастырды.

               

              

 


12.04.2019