Ғылыми-әдістемелік семинар

 «Тәуелсіз Қазақстан студенттік жастардың көзімен.

Жаңа қазақстандық патриотизм»

2019 жылдың 31 қаңтарында сағат 15-00-де «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасында «Тәуелсіз Қазақстан студенттердің көзімен» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинардың мақсаты:  Қазақстан Республикасындағы жастарды тәрбиелеудің моральдық-патриоттық тәрбиесі болды.

Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының 1,2 курс студенттері ғылыми- әдістемелік  семинарға қатысты.

Семинар үш кезеңде өткізілді:
1. Қазақстандағы заманауи жастардың адамгершілік тәрбиесі – баяндамашылар сайысы
2. Жаңа қазақстандық патриотизм – мәнерлеп оқу сайысы.
3. Үш тілділік кәсіби қызметте - буклет жарысы.

1 орын - СПС-18к, 2 орын - - СПС -17к, ДФ -18к, 3 орын - СПС -18, ДФ -18 және студенттер алғыс хаттар алды.

05.03.2019