"ҚжМ" кафедрасында ғылыми-тәжірибелік бейнеконференция өтті

2018 жылдың 9 қазанында сағат 11.00-де М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің үздіксіз білім беру институты мен "Қаржы және менеджмент" кафедрасымен бірлесіп Орал мемлекеттік экономикалық университетінің "Қаржы менеджменті" кафедрасының ұйымдастыруымен "Қазіргі жағдайдағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері" тақырыбында жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-тәжірибелік бейнеконференция өтті.

Конференция жұмысына екі тараптың студенттері мен магистранттары қатысты, сондай-ақ конференция соңында сараптамалық қорытынды айтылды.

 

10.10.2018