Сөздәйектер галереясы
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
ДӘТТӘ кафедрасындағы дөңгелек үстел
12 cәуір "ДӘТТӘ" кафедрасында "Қазіргі ғалым келбеті" атты тақырыпта оқытушылардың, "ДШС", "БӘД" мамандығы студенттерінің және Петропавл қаласы, ҚР Ұлттық гвардия Әскери институтының курсанттарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің бағдарламасы бойынша педагогикалық факультеттің "БӘД" мамандығының студенттері - Березка В., Тарбак Д., Асылбеков К., Мурзабаев Р. мәлімдеме келтірді. Сонымен қатар, "Педагогикалық үрдіске жаңашыл технологияларды игертудегі қазіргі шетел тәжірбиелері" атты тақырыпта Ұлттық гвардия ӘИ жалпы білім беру пәндер кафедрасының аға оқытушысы Б.А.Калиев сөз сөйледі.
Кафедра ТМФВ
