Quotation gallery
The job of an educator is to teach students to see the vitality in themselves.
«Қызықты көңіл, студенттік өмір!»
20 қараша №2 жатахананың кітапханасында «Жалпы биология» кафедрасының аға оқытушылары Нүсіпова Ә.Ж., Базарбаева С.М. Б (о)- 11-к, Б(е)-12-к,Б (о)- 14-к, Б(е)-14-к топтарында ашық сабақ өткізді. Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:«Қызықты көңіл, студенттік өмір!». Сабақтың мақсаты жоғары топтағы студенттермен бірінші курс студенттерін жақындырақ таныстыру және студенттік өмірдің қызықты жақтарымен таныстыру. 4 топқа 4 тапсырма, яғни газет шығару, би, ән және студенттік өмірден қызықты жағдайдың біріні көрсетуді тапсырды. Барлық топтар өте жақсы дайындалыпты. Студенттердің ішінде суретшілері де, әншілері де, бишілері де жеткілікті екен. Бірінші орынды әділқазылар алқасы Б(о)-14-к және Б(е)-12-к тобына берді.
Кафедра ОБ
