"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Абай Құнанбаев

ЕРБОЛ ХАМИТОВ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов университетіміздің мақтанышы,дарынды спортшы Ербол Хамитовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағын табыстады.

Ербол Хамитов – пара биатлоннан Әлем кубогының жалпы есебінде топ жарып, «Хрусталь глобусқа» қол жеткізген алғашқы қазақстандық спортшы. Сонымен қатар, қысқы Паралимпиада ойындарында қайсарлық пен табандылық танытып, ел қоржынына алтын медаль және пара шаңғы жарысынан қола медаль жеңіп, ел намысын асқақтатты.

Спортшының жоғары жетістіктеріне қосқан үлесі үшін оның жаттықтырушылары Аслан Тоқбаев, Василий Коломиец және Антон Жданович Құрмет грамотасымен марапатталды.

Университет ұжымы Ербол Хамитовты жоғары марапатымен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейді.
27.03.2026