Сөздәйектер галереясы
Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал. Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
В студенческом кампусе открыт филиал банка
Университет бассейнінің ғимаратында ЦентрКредит Банкі филиалының салтанатты ашылуы өтті. Студенттер мен оқытушыларға ыңғайлы болу үшін бөлім біздің кампуста орналасқан. Енді қаржылық қызметтерді ыңғайлы әрі қолжетімді форматта ұсынып, қолдануға мүмкіндік береді.
ЦентрКредит Банкі біздің ЖОО-ның стратегиялық серіктесі болып табылады. Қозыбаев университеті ұжымының 84%-ы банк арқылы жалақы алады. Стипендия алатын білім алушылардың үлесі-93,6% құрайды.
«Центр Кредит Банкімен 20 жыл бойы сенімді серіктестікте жұмыс жасап келеміз. ЦКБ біздің барлық бастамаларымызды қолдайды. Өткен аптада бірлесіп бассейн спорт кешенінде жаңартылған спортзал аштық. Бұл біздің студенттер мен ПОҚ үшін кампус аумағында сапалы қызмет алудың жаңа мүмкіндігі. Сіздерге өркендеу және табыс тілеймін!», –деп атап өтті Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев.
Әріптестерімізді құттықтаймыз! Жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!
