Сөздәйектер галереясы
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім.
Мұхтар Әуезов
Қозыбаев университеті студенттерінің азаматтық ұстанымы
Университет студенттері республикалық референдумға белсенді қатысты. Жастар сайлау учаскелеріне ұлттық киім киіп келіп, еліміздің тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрметтерін көрсетті. Сонымен қатар, жоғары оқу орнының символы — «бүркітке» ерекше назар аударылды.
Дауыс беру процесін бақылау үшін сайлау учаскелерінде шетелдік бақылаушылар да болды. Студенттер өз таңдауларын жасау арқылы белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, азаматтық борыштарын орындады.
15.03.2026
