Сөздәйектер галереясы
Қандай ғылым болса да, ол-адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды.
Әл-Фараби
Наурызнаманың онкүндігі басталды
Наурызнама мерекелік онкүндігінің әр күні ұлттық құндылықтар мен белгілі бір тақырыпқа арналады.
Мерекелік күндер тізбегі Көрісу күні – Амал мерекесімен бастау алады. Бұл күні халқымыз қыстан аман-есен шығып, көктемді қуанышпен қарсы алып, бір-бірімен қол алысып, төс қағысады. Адамдар өкпе-ренішті ұмытып, бір-біріне амандық, береке тілейді. Ақсақалдар ақ батасын беріп, тағылымды өсиеттерін айтады.
Бұл атаулы күн өскелең жас ұрпақты мейірімділікке, ауызбіршілік пен татулыққа, бауырмалдық пен сыйластыққа тәрбиелейді.
Көрісу күні әр шаңыраққа құт-береке, амандық пен бейбітшілік әкелсін!
15.03.2026
