Сөздәйектер галереясы
Өзін өзі сыйлайтын адам, өзгенің үстінен сөз айтпайды. Ал өзін-өзі сыйлай алмайтын адам өзгені сыйлап қайтеді.
Халық даналығы
Қозыбаев университеті мен Аризона университеті жаңа білім беру бағдарламаларын іске қосады
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қозыбаев университетінің басшылығымен және Аризона университетінің білім беру серіктестігі жөніндегі аға директорымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесуде университеттер арасындағы халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытудың негізгі нәтижелері мен жаңа бағыттары талқыланды.
Министрге Аризона университетімен бірге жүзеге асырылып жатқан бизнес және менеджмент саласындағы қос дипломды бағдарлама туралы ақпарат берілді. Бұл бағдарлама халықаралық білім беру стандарттарын дамытудағы және басқару саласындағы жаңа буын мамандарын даярлаудағы маңызды қадам болып табылады.
Сондай-ақ, американдық университетпен маркетинг саласындағы бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосу мәселесі талқыланды. Ол нарықтық талдау, цифрлық құралдар және халықаралық бизнес-процестер саласында заманауи құзыреттіліктерге ие мамандарды даярлауға бағытталған.
Біздің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық жобасы стратегиялық тұрғыдан жан-жақты дамып келеді. Бүгінгі таңда жоба ғылыми-зерттеу бағыттарының кең ауқымын қамтиды: материалтану, азық-түлік қауіпсіздігі, химия, су ресурстары және экология саласында бірлескен зерттеулер жүргізіледі.
Университеттер озық зерттеулерді дамытуға, әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлауға және қазақстандық ғылымды жаһандық академиялық қауымдастыққа біріктіруге бағытталған тұрақты халықаралық ғылыми-білім беру платформасын қалыптастырады.
12.03.2026
