Сөздәйектер галереясы
Адамдар қалай сөйлеуді үйренеді, ал ең басты ғылым - қалай және қашан үндемеуді білу
Лев Николаевич Толстой
Ислам Евлоев Zagreb Open 2026 беделді турнирінде екінші орын алды
Қозыбаев университетінің грек-рим күресінен балуаны Ислам Евлоев ел намысын абыроймен қорғап, жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Біздің спортшымыз UWW сериясындағы Zagreb Open 2026 (Хорватия) турнирінде күміс медаль жеңіп алды. Жарыс 4-8 ақпан аралығында өтті . Ислам 97 келіге дейінгі жаңа салмақ дәрежесінде бақ сынасып, әлемнің ең мықты балуандары арасында екінші орын алды.
Ислам Евлоев - Дене шынықтыру және спорт кафедрасының ФКС-22-1 тобының студенті. Ол U20 әлем Чемпионаты мен жастар арасындағы Азия Чемпионатында, сондай-ақ ҚР XIII жазғы универсиадасында жеңіске жетті. Өткен жылы Эр-Риядта өткен 6-шы Ислам ынтымақтастық ойындарының финалында спортшы 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.
Ислам халықаралық беделді сайыстарда үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Спорт жолында тек табыс тілейміз!
09.02.2026
