"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский

Тұқым күні

Қозыбаев университеті «Тұқым күні-2026.Қызылжар» халықаралық конференция-көрмесінде жетістіктерін таныстырды. Конференция жұмысы тұқым шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту мәселелеріне арналған. Оған әлемнің оннан астам елінің, соның ішінде Германия, Ресей, Франция, Қытай, Австрия және басқа мемлекеттердің өкілдері қатысты. «Әрине, ауыл шаруашылығы-біздің экономикамыздың маңызды салаларының бірі. Өнімділік, климаттық жағдайларға бейімделу, бәсекеге қабілеттілік олардың сапасына тікелей байланысты. Тұқым шаруашылығын дамыту мемлекеттік аграрлық саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады», - деп атап өтті СҚО әкімі Гауез Нұрмұхамбетов. Конференция аясында агроөнеркәсіптік сектордың мамандандырылған көрмесі ұйымдастырылды. 28-ден астам қатысушы компания ауыл шаруашылығына арналған жаңа әзірлемелер мен шешімдерді: өсімдіктерді қорғау құралдары, сондай-ақ АӨК үшін цифрлық технологиялар мен шешімдер, инновациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын ұсынды. Қозыбаев университеті көрмеде ауыл шаруашылығы жемінің сапасын анықтауға арналған аналитикалық жабдықты (жемшөптің негізгі қоректік көрсеткіштері бойынша 26 калибрлеу), сондай-ақ сүт сапасының анализаторын ұсынды. Жабдық биыл ЖОО-да бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасын іске асыру шеңберінде сатып алынды. Сондай-ақ, университетте дәнді дақылдар сапасының көрсеткіштерін және топырақ құнарлылығының деңгейін анықтауға арналған анализаторлар бар. «Бүгін азық түлік өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін анықтауға арналған үлкен анализатор жабдығын таныстырамыз. Бұл құрал жалпы ауыл шаруашылық дақылдарының сапасын аз уақыттың ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Негізі бұл жабдықтарға ауылшаруашылығы қызметкерлері, кәсіпкерлер қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ, анализаторлар облысымыздағы фермерлерге де үлкен септігін тигізедіе»,-деді «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі Фариза Муканова Жоғары оқу орнымыз 10 жылдан астам уақыт ауыл шаруашылығы саласындағы мамандарды даярлайды. Іс-шарада кәсіпкерлер, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлер көрмеге қатысып, жоспарларымен бөлісті. Біз түлектеріміздің жетістіктеріне әрқашан қуанамыз, ынтымақтастыққа және өңірдің АӨК дамыту бойынша қарқынды жұмысқа дайынбыз!
04.02.2026