"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ұстаз талантты болса, Шәкірті талапты болады.

Халық даналығы

Спорттық лигада үздіктер анықталды

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылған Халықаралық студенттер мен магистранттарға арналған спорт лигасы аяқталды. Жарыстар спорттың  4 түрінен өтті: үстел теннисі, шахмат, волейбол және баскетбол. Барлығы 50-ден астам адам қатысты.

Шахматтан жеке біріншілікте Ислам Каримов, ИСУ (US)-24-2a тобы (Халықаралық кампус командасы) және Айгерм Таласпаева, УиA-24 тобы (ТЭҚФ командасы) жеңіске жетті.

Волейбол жарысында ТЭҚФ командасы бірінші орын алды. Баскетбол 3x3 сайысында Халықаралық кампус командасы алтын медаль жеңіп алды. Ал Қуанбай Самғат, ИСУ-25-2 тобы, ең үздік ойыншы атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Белсенді қатысқан студенттерге алғыс айтамыз!

31.01.2026