"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Халық - нағыз ұстаз.

Халық даналығы

Студенттерге арналған профилактикалық телекөпір

Университет қабырғасында студенттер үшін «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында телекөпір профилактикалық кездесуі өтті.
Жастар арасындағы  құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сондай-ақ алаяқтықпен, қылмыстардың алдын алу мақсатында шараны СҚО прокуратурасы, СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен ЖОО бірлесіп ұйымдастырды.
Телекөпір арқылы студенттер есірткі заттарын жасырын орналастырып қылмыстық жауапкершілікке тартылған сотталған адамдардың нақты өмірлік оқиғаларымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Сотталғандар өздерінің жеке тәжірибелерімен бөлісіп, ауыр қылмыс жасауға итермелеген себептерді және оның құқықтық, әлеуметтік  салдары туралы баяндады.
Мамандардың айтуынша, әсіресе жас азаматтарды құқықбұзушылыққа оңай ақша табу мен жұмыссыздық итермелейді. Сондықтан мұндай мазмұндағы кездесулер білім алушылар арасында заңға бағыну қағидаттарын нығайтуға септігін тигізеді.
«Аталған іс-шара жастарды заңға бағынып, оны бұзбауға ықпал етеді. Мәселен, облыс бойынша осы жылдың және былтырғы жылдың қаңтар айын салыстырғанда алаяқтық деректері мен есірткі құралдарын заңсыз орналастыру 30-40 %-ға азайды. Көбінесе құқықбұзушылық жасайтын тұлғалардың жасы 18-45 жас аралығында »,-деді Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Рауан Туғанбай.
Тікелей диалог форматында студенттер мазалаған сұрақтарын қойды. Білім алушылардың айтуынша, бұл кездесу оларға үлкен әсер қалдырды. Олар бостандықтың бағасын, заң бұзушылықтың қандай ауыр нәтижелерге әкелетіндігін айқын сезінді. Көпшілігі осы шарадан кейін саналы шешім қабылдап, дұрыс өмірлік жолды таңдаудың маңызын түсінгендіктерін жеткізді.
22.01.2026