Сөздәйектер галереясы
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
Ұшқыр ой алаңы
«Заң және Тәртіп»идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде «Сергектік пен денсаулық»спартакиадасы жалғасуда. Бүгін профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында шахматтан жарыс өтті. Турнирге 36 қатысушыдан құралған он команда қатысты. Жарыс өздерінің дағдылары мен стратегиялық ойлауын көрсеткен үздік ойыншыларды жинады.
Жүлдегерлер анықталды :
1-орын – МФ
2-орын – ПФ
3-орын – ТЭҚФ
Жеке есепте бірінші орынды Альбина Айжеркенова мен Бахтияр Серик жеңіп алды.
Бұл ойын түрі сабырлы әрі төзімді болуға үйретеді. Жарыс жоғары оқу орнының қызметкерлері мен оқытушыларының зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған.
Сондықтан турнирге университеттің құрметті ақсақалдары қатысты. Солардың қатарында 85 жасқа толған профессор Виктор Тулаевта бар. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
