Сөздәйектер галереясы
Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.
Командалық рух пен жеңіс!
«Заң және Тәртіп » идеологиясы аясында ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында «Сергектік пен денсаулық» спартакиадасы шеңберінде өткен волейбол жарыстары аяқталды. Дәстүрлі додаға құрамалар жасақталып, волейбол алаңында ең мықтыны анықтау үшін бақ сынасты. Жарыстың ашылу салтанатында қатысушыларды Солтүстік Қазақстандық боксшы Наталья Богданова арнайы құттықтап, спортшыларға жеңіс тіледі.
Сайыстың алғашқы күні тартысты өтіп, волейбол ойындарымен жалғасын тапты. Барлығы 9 команда қатысып, әр топтың жеңімпаздары жартылай финалға өтті. Ақтық кезеңде ПФ спортшылары ойынды жеңіспен аяқтады. Қарсыластарының мықтылығына қарамастан ӘК ойыншылары тамаша өнер көрсетіп 2 орынға табан тіреді. Ал 3 орынға АФ жайғасты.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз!
