Сөздәйектер галереясы
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға.
Абай Құнанбайұлы
Дәстүрлі Қысқы мектебі өз жұмысын бастады
Курс «Қазіргі заманғы университеттің трансформациясындағы жасанды интеллект» тақырыбы аясында 72 сағатқа созылады.
Мектеп жұмысы білім ордамыздың қызметкерлері арасында генеративті жасанды интеллектті (GenAI) практикалық қолдану саласындағы кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға арналған. Бұл оқу процесін жаңғырту, зерттеу өнімділігін арттыру және университеттің цифрлық трансформациясы аясында басқарушылық шешімдерді оңтайландыру үшін өте маңызды. Қатысушыларға біліктілікті арттыру курсы тегін өткізіледі.
«Бағдарламаға қосымша модульдерді қостық: ғылым, әлеуметтік сала және педагогика. Біз «Өрлеу» БАҰО-мен бірлесіп жұмыс істейміз. Өткен жылы әріптестеріммен бірге Алматыдағы ALT университетінде жоғары білім беруде жасанды интеллектті пайдалану бойынша курстан өттік. Енді, осы оқу тәжірибесіне сүйене отырып, алған білімді Қысқы мектептегі әріптестермен бөлісетін боламыз», - деді Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова.
12-23 қаңтар аралығында оқытушылар, әкімшілік қызметкерлер, бағдарлама жетекшілері және қызметкерлер шеберлік сабақтарына, интерактивті дәрістерге және практикалық сабақтарға қатысады.
Олар сандық трансформация стратегияларын, студенттерді қолдау үшін қарапайым чатботтарды жасауға арналған No-code құралдарды, университет аналитикасы үшін AI-құралы ретінде NotebookLM-ді, Академиялық адалдық лигасының жаңа стандартының қағидаларын меңгереді. NotebookLM-дегі деректерге негізделген дәрістер, тест және аудио шолулар жасау дағдыларын дамытады.
Курс соңында қатысушылар сертификаттар алады.
12.01.2026
