Сөздәйектер галереясы
Нағыз білім, дененің шынайы мәдениеті сияқты, үйлесімділік пен оған деген ұмтылыс, бұл қол жеткізілген мақсатты сезіну және сонымен бірге алға жылжу ниеті
Герман Гессе
Виталий Тюканько- үздік ғылыми қызметкер
«Химия және химиялық инженерия» кафедрасының аға зерттеушісі, техника ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, доцент Тюканько Виталий Юрьевичті «Үздік ғылыми қызметкер 2025» марапатымен құттықтаймыз!
Марапат-ҚР ҒЖБ министрлігінің зерттеушілерді жыл сайынғы қолдау бағдарламасы. Ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен зерттеушілерді марапаттауға бағытталған.
Байқауға барлығы 358 өтінім келіп түсті. Оның ішінде ғылымның отандық дамуына елеулі үлес қосқан тек 50 ғалым жеңімпаз ретінде таңдалды.
Виталий Юрьевичке жаңа идеялар мен жобаларды іске асыруда табыс, шабыт және сарқылмас күш-қуат тілейміз! Оның кәсіби мансабы маңызды жаңалықтарға толы болсын. Ал зерттеу нәтижелері ғылымның дамуына елеулі үлес қоса берсін!
31.12.2025
