Сөздәйектер галереясы
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Қозыбаев университетінің басшылығы, қызметкерлері және ғалымдары СҚО Ғылым кеңесінің отырысына қатысты
Ел президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ең үздік университеттер мен нақты экономика арасындағы байланысын нығайту қажеттілігін бірнеше рет атап өтті. Бұл салалық инновацияларға серпін беруге, жоғары оқу орындарында қолданбалы ғылымның әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.
Қозыбаев университеті тек ғылыми жобаларды жүзеге асырып қана қоймай, су және азық-түлік қауіпсіздігі, жасыл энергия салаларында шешімдер табуға қабілетті ғылыми экожүйені құрып, аймақтың тұрақты дамуына үлес қосады.
Жоғары оқу орны ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыруымен 11 ғылыми жоба мен «Жас ғалым» байқауы арқылы төрт жобаны жүзеге асырады. Университеттің тәжірибесі бизнесте практикалық қолданысқа ие. Табысты ғылыми-өндірістік серіктестіктің бірі- «СК Протеин» ЖШС компаниясымен бірлесіп, ірі қара мал мен жылқы терісін қайта өңдеу және жоғары ақуызды жем қоспасына айналдыру технологиясын қаржыландыру жобасы.
Қазіргі уақытта хлорелла микробалдырларының дамыған штаммын пайдаланып су айдындарын тазарту жобаларын жүзеге асыратын «Су ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС жеке инновациялық кәсіпорын құрылды. Бұл университеттің жоғары нарықтық әлеуетке ие технологиялық шешімдерді енгізу мүмкіндігін көрсетеді.
2024 жылдың желтоқсан айында Қозыбаев университетінде ҚР ҒЖБМ мен «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен Солтүстік және Орталық Қазақстандағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын дамытуға арналған ғылыми-технологиялық сессия өтті. Оның нәтижелері бойынша:
* Агроөнеркәсіптік кешендегі негізгі мәселелер мен қиындықтар анықталды,
* Инновациялық дамудың басым бағыттары белгіленді,
* Зерттеу тақырыптары мен мақсаттары тұжырымдалды, кейін коммерцияландыруға ұсынылады.
Өңірдің басымдықтарына сәйкес, университет «Мал шаруашылығындағы цифрлық шешімдер» және «Дәнді дақылдарды шамадан тыс ылғалдан қорғау» бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бағдарламалары бойынша ғылыми-технологиялық тапсырмалар ұсынды. Жоспарланған іске асыру мерзімі - 2026-2028 жылдарды қамтиды. 2025 жылы ғылыми жобаларды қаржыландыру шамамен төрт есеге өсіп, 1 млрд. 332 млн теңгеге жетті.
Университет ауыл шаруашылығы технологиясы, экология, инженерлік шешімдер салаларында аймақтық кәсіпорындармен бірлесіп қолданбалы жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады. Өз кезегінде бұл экономикалық салалардың инновациялық дамуына үлес қосады.
Университет IT және цифрландыру саласында белсенді жұмыс істейді: 26-дан астам жоба әзірленіп жатыр, ЖИ және цифрлық трансформация орталығы құрылды, сондай-ақ, аймақтық және ұлттық бизнес үшін білікті жасанды интеллект мамандарын даярлау мақсатында AI-Sana бағдарламасы жүзеге асырылады.
Халықаралық ғалымдар тобымен бірлесіп, жалпы қаржыландыру көлемі шамамен 4 млрд теңгені құрайтын «Солтүстік Қазақстан облысында халықтың денсаулығын қамтамасыз ету үшін су ресурстарын бақылау, тазарту және ұтымды пайдалану үшін жоғары технологиялық шешімдерді әзірлеу мен енгізу» атты БМҚ жобасы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі.
Іске асырылып жатқан халықаралық жобалардың қатарында:
* Қайта өңделген күкірттен жаңа жоғары құнды материалдарды жасауға бағытталған күкіртті полимерлеу жобасы;
* Ауыл шаруашылығы дақылдары геномдарының аймақтың климаттық жағдайларына төзімділігін арттыруға бағытталған геномика және биоинформатика жобасы;
* Қазақстан-Қытай ғылыми ауыл шаруашылығы орталығы құрылды. Қоршаған ортаға әсерін бағалау және Солтүстік Қазақстан жағдайларына ауыл шаруашылығы сорттарын бейімдеу үшін агробиологиялық зерттеулер әзірленеді;
• Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің және Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің (Қытай) қатысуымен Су ресурстарын зерттеу орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды;
* Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ауыл шаруашылығын зерттеу үшін демонстрациялық станцияға 500 гектар жер бөлді.
Университеттің ғылыми жобаларын жан-жақты қолдағаны үшін жергілікті атқарушы билік басшылығына алғыс айтамыз! Біз әрқашан аймақтың тұрақты дамуына ықпал ететін ғылыми бастамаларды жүзеге асыруға ұмтыламыз.
