Сөздәйектер галереясы
Адамға өз пікіріңді білдірмес бұрын, оның қабылдай алатындығы туралы ойланыңыз
«Күміс университеті» тыңдаушыларына сертификаттар табысталды
«Күміс университеті»– 50 жастан асқан азаматтарға арналған тегін курстар ұсынады. Бұл жоба тыңдаушыларға шығармашылық қабілеттерін ашуға, жаңа цифрлық дағдылар мен құзыреттерді дамытуға заманауи техника мен ақпараттық технологияларды меңгеруге арналған.
2025 жылы Қозыбаев университеті қазақстандық күміс университеттер қауымдастығына қосылып, Үшінші жастағы Халықаралық университеттер қауымдастығымен (AIUTA) меморандумға қол қойды.
«Жоғары оқу орны жоба аясында алты курс ұсынады. Келесі жылы біз білім беру бағдарламаларын кеңейтеміз. Сабақтар семестр сайын, аптасына екі рет өткізіледі. Оқу жылы 1 қыркүйектен 1 маусымға дейін жалғасады. 2025-2026 оқу жылының күзгі семестрінде йога, дене шынықтыру, компьютерлік және цифрлық сауаттылыққа бағытталған үш топ оқудан өтті. Барлығы 28 адам»,- деді Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова.
Барлық тыңдаушылар семестр бойы оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды. Оқуларын аяқтағандар үшін әрі қарай курсқа жазылуға мүмкіндіктері бар, сондай-ақ, жаңа тыңдаушылар да қатыса алады. Бағдарлама университет қызметкерлеріне, зейнеткерлерге және 50 жастан асқан қала тұрғындарына ашық.
