"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.

В.А.Сухомлинский

Адал сессия — әрбір студенттің жауапкершілігі

ЖОО-да академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыруға және оқу процесінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған дәстүрлі «Таза сессия» науқаны өтеді. Шараның мақсаты-студенттердің емтихан тапсыру кезіндегі  жауапкершіліктерін арттыру .
Емтихан барысын «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің қолдауымен студенттер арасынан 30-ға жуық еріктілер бақылайды. Олар сессия кезінде қосымша парақтарды, телефон құрылғыларын тексереді. Сессия алдында СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Академиялық адалдық қағидалары туралы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған сауалнамалар жүргізіледі.
«Таза сессия» науқанын жүйелі түрде өткізу білім алушыларды тәртіпке шақырады сондай-ақ, емтихандарды адал және парасатты өткізуге ықпал етеді. Акция емтихан кезеңі аяқталғанға дейін жалғасады. Сессияда барлық білім алушыларға сәттілік тілейміз!
19.12.2025