Сөздәйектер галереясы
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский
Mister&Miss Kozybayev University 2025
Қозыбаев университетінің сахнасында оқу ордамыздың ең өнерлі, креативті, жарқын студенттері жиналды. «Mister&Miss» атану үшін студенттер өздерінің зеректігі мен тапқырлықтарын ортаға салды. Сахнада барлығы 6 дарынды жұп бақ сынасты.
Жұптар сәлемдесу, ұлттық нақыштағы сән көрсетілімі, білімдерін тескеретін шығармашылық және зияткерлік 4 түрлі кезең бойынша өнерлерін паш етті. Байқау қатысушылары өз жұптарын ерекше қырынан таныстырып, өнерлерімен баурады. Тынымсыз дайындықтың арқасында студенттер махаббат тарихын бейнелейтін бейнероликтер мен ерекше образдар ұсынды.
Зал көрермендерге лық толды. Жанкүйерлер шапалақтарын аямай, қатысушыларды жан-жақты қолдады. Әсерлі сынақтар артта қалып, қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарды.
Сонымен «Mister&Miss» атағын Рамазан Қайнар мен Назым Сейдахметова иеленіп, 100 мың теңге ақшалай сыйлық пен демеушілерден сертификаттар алды. Әділ қазылар әрбір жұптың әртістігін жоғары бағалады. Барлық қатысушылар: креативті жұп, ең үздік Love Story, өнерлі жұп, харизмасы жоғары және ең ерекше жұп номинациялары бойынша марапатталды. Әр жұп демеушілерден сыйлықтар алды.
Бұл байқау университет студенттерін біріктіріп, таланттарын танытуға мүмкіндік береді. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!
05.12.2025
