"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ойлы әдебиет биік парасаттан, терең білімнен туады.

Сағат Әшімбаев

Оқу ордамыздың студенттері Urbathon аймақтық байқауының жүлдегерлері атанды

Urbathon-қаламызға арналған шешімдердің пилоттық жобалар байқауы. Жоба қалалық инновацияларды, пәнаралық ынтымақтастықты дамытуға және практикалық идеяларды енгізуге бағытталған. Бұл бастама-БҰҰ даму бағдарламасы жүзеге асыратын ірі жоба. Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы мен қала әкімдіктерімен , СҚО Төтенше жағдайлар департаментімен, Qyzyljar Creative Center және SKO Hub бірлесіп ұйымдастырылды.
Urbathon студенттер, экологтар, IT мамандары, дизайнерлер, белсенділер қатысты. Олар апат қаупіне және климаттық қиындықтарға төзімді қаланың дамуына ықпал ететін практикалық идеяларды ұсынды. Экология, қалалық инфрақұрылым, цифрлық сервистер, шығармашылық бастамалар және білім беру бағдарламалары саласындағы жобалар қаралды.
Біздің ЖОО-дан Әйгерім Нүсіпованың жетекшілігімен биология кафедрасының 3-4 курс студенттері қатысты. Олар өзекті қалалық мәселелерді зерттеп, Петропавлдың тұрақтылығын арттыру үшін инклюзивті шешімдер әзірледі.
Нәтижесінде біздің команда 3 орынға ие болды! Балалар жүлделі 50 мың теңге алды.
Бұл білім алушыларымыздың жоғары дайындық деңгейін, креативтілігін және инновацияларды енгізуге деген ұмтылысын дәлелдейтін үлкен жеңіс. Студенттер мен жетекшіні  құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер тілейміз!
01.12.2025