"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Шын білім... әрдайым ақиқат, анық болатын білім.

Әл-Фараби

Эстония президенті Алар Каристің қатысуымен Ректорлар форумы өтті

Қозыбаев университеті Эстония президенті Алар Каристің қатысуымен Ректорлар форумында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 19 университеттің қатарында болды.
Бұл іс-шара ғылым, білім беру саласында Қазақстан мен Эстония арасындағы мәдени байланыстарды нығайту үшін маңызды алаңға айналды.
Форумға Қазақстанның ҒЖБ министрі Саясат Нұрбек, вице-министр Гүлзат Көбенова және Эстонияның білім және зерттеу вице-министрі Райво Вьенталь, сондай-ақ жетекші қазақстандық және эстония университеттерінің басшылары қатысты. Қозыбаев университетін Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев таныстырды.
Спикерлер жоғары білім беру саясатының бағыттарын, институционалдық стратегияларды, оқыту мен оқуға инновациялық тәсілдерді, сондай-ақ бірлескен зерттеу орталықтары мен зертханаларын құруды талқылады. Цифрландыруды дамыту және білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Өткен жылы біз Эстония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Яап Орды Қозыбаев университетінде қабылдадық. Ол қызметкерлермен кездесіп, студенттерге ашық дәріс оқыды.
Мұның бәрі ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадамдар. Біз Эстонияның білім беру мекемелері мен компанияларымен серіктестікке ашықпыз, мәдени алмасуға, бірлескен зерттеулер мен академиялық жобаларға, академиялық ұтқырлық және тағылымдамадан өту шараларына дайынбыз.
18.11.2025