Сөздәйектер галереясы
Білім - бұл сұраққа жауап емес. Білім барлық сұрақтарға жауап табуға үйретеді
2025 жылғы Сапа апталығының негізгі тақырыбы :жасанды интеллект
Университетте Дүниежүзілік Сапа күніне арналған сапа апталығы басталды. Бұл күн жыл сайын қарашада Еуропалық сапа ұйымының бастамасымен және БҰҰ қолдауымен атап өтіледі. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде азаматтардың лайықты өмірін және елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін өнімдер мен қызметтердің, сондай-ақ әлеуметтік және бизнес басқарудың маңыздылығын атап өтуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады.
Біздің университет бұл дәстүрді 2005 жылдан бері жалғастырып келеді. 2008 жылдан бастап әрбір сапа апталығы қазіргі заманғы мәселелерді көтеретін нақты тақырып аясында өткізіледі. Биылғы жылы сапа апталығының негізгі тақырыбы жасанды интеллект: мүмкіндіктері,сын-қатерлері және болашақ білім сапасы болып табылады. Университетте жасанды интеллектті енгізу, Қазақстан үшін стратегиялық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Мемлекет басшысы атап өткендей, елдің академиялық жүйесінде заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект жүйелерін енгізу арқылы білім берудің жаңа буынын құруға бағытталған қадам болмақ. ЖОО үшін жасанды интеллект технологияларымен жұмыс істей алатын және жаңа нарықтар мен трансформацияларға бейімделе алатын мамандарды шығару маңызды.
Сапа апталығы аясында алғашқы іс-шаралардың бірі «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы зерттеулерде жасанды интеллектіні пайдалану мүмкіндіктері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
10-14 қараша аралығында университеттің барлық факультеттерінде дөңгелек үстелдер, семинарлар, шеберлік сабақтары, көрмелер және басқа да іс-шаралар жоспарланған. Сапа апталығының іс-шараларына қатысыңыз! Дағдыларыңызды жетілдіріп, біліміңізді кеңейтіңіз!
