"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалімнің бүкіл мақтанышы - шәкірттерінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде.

Д.И.Менделеев

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қозыбаев университетінде ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов және  запастағы генерал-лейтенант, профессор Абай Тасболатов болды. Олар «Мәңгілік Ел Жастары-Индустрияға!» «Серпін-2050» бағдарламасының студенттері, түлектерімен, оқу ордамызда білім алып жатқан оңтүстік-батыс өңірлерден келген студенттермен кездесті.

«Серпін» бағдарламасы Солтүстік Қазақстан облысында 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Жетісу облыстарынан 1417 студент Қозыбаев университетінде оқуын аяқтады. 456 түлек жұмысқа орналасты, олардың 84%-ы СҚ кәсіпорындарында қызмет жасайды. Қазір бағдарлама бойынша 150-ден астам студент оқиды. Білім алушылар өздерінің жоспарларымен бөлісіп, стартап-жобаларын ұсынды.

«Бұрын мектеп бітірген оқушылар шетелге оқуға кететін. Кейін Аризона университетімен серіктестік орнаған жылы шамамен 64%-ы осында  оқуларын жалғастыру үшін елімізде қалды. Солтүстік аймаққа сіздер сияқты мықты білімі бар жас мамандар қажет. Болашақта оқуларыңды аяқтаған соң, өңірді өркендетіп, дамытып, осында қалып жұмыс істеуге тырысу қажет »,- деді Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов.

2024 жылы университетте барлық тиісті мемлекеттік органдарды біріктіретін Serpin Qoldau аймақтық жобалық кеңсесі құрылды. Ол бейіндік оқытуды, біліктілікті арттыруды, тілдік курстарды, психологиялық бейімделу бағдарламаларын және мәдени интеграцияны қамтамасыз етеді. Үшінші және төртінші курс студенттері дуалды оқытуға жіберіледі және жеке еңбек шартына қол қойғанға дейін үздіксіз қолдау табады. Жұмысқа орналасуды жеңілдету үшін СҚО ең ірі кәсіпорындармен меморандум жасалды. Қазіргі уақытта бағдарламаның түлектері жатақханада уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Еліміздің оңтүстік аймақтарындағы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру үшін 6 мың шақырым қашықтықты жүріп өткен Serpin Way керуені ұйымдастырылды.

Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев, Премьер-Министрдің кеңесшісін Қозыбаев университетінің дамуы, Аризона университетімен стратегиялық серіктестікті жүзеге асыру және осы ынтымақтастық аясында университетте жүзеге асырылып жатқан флагмандық ғылыми-зерттеу жобаларымен таныстырды.

«Мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл бізге шамамен 3 миллиард теңге көлемінде БМҚ мегагрант берілді. Оның 1,25 миллиард теңгесі Солтүстік Қазақстан кәсіпорындарынан тартылған бірлескен қаржыландырудан түседі. Жоба судың сапасына, суаруға, тазартуға және су ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған. Біз бұл жобаны 1 қазанда іске асыра бастадық. Аризона университетімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан тағы бір инновациялық жоба күкіртті полимерлеуді және оны жоғары технологиялық тыңайтқыштарға өңдеуді, бағалы металдарды өндіруде күкіртті пайдалануды қамтиды. Ол Мемлекет басшысына Стратегиялық серіктестер форумында ұсынылды»,- деді Ербол Исақаев.

10.11.2025