Сөздәйектер галереясы
Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
Ж-Ж.Руссо
ҚХА ұлттық медиа форумына журналистика және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының оқытушысы қатысты.
Бүгін, яғни 2025 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Цифрлық медиакеңістіктегі этножурналистика: үрдістері мен даму бағыттары» атты Медиафорум өтті.Аталмыш шараға СҚО ҚХА журналистер клубының төрағасы Павел Притолюк пен "Қоғамдық келісім" КММ қоғаммен байланыс, БАҚ бөлімінің басшысы Сәлімхан Сәбитов қатысты.
Медиафорумның мақсаты ақпараттық - медиа саласында жұмыс істейтін мамандардың этномәдени коммуникациялар, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту, этносаясат, медиасауаттылық пен этносаралық өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін талқылау.
Кафедра жжәғ
20.10.2025
