"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Нағыз білім, дененің шынайы мәдениеті сияқты, үйлесімділік пен оған деген ұмтылыс, бұл қол жеткізілген мақсатты сезіну және сонымен бірге алға жылжу ниеті

Герман Гессе

Қозыбаев университеті «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясына қатысты

Петропавлда көшелерді абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өтті. Бастамаға Қозыбаев университетінің ұжымы да қосылды. Іс-шараға ЖОО-ның 300-ге жуық қызметкерлері мен студенттері қатысты. Қатысушылар студенттік қалашықта тазалық жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 1 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Сондай-ақ, акция аясында М. Жұмабаев атындағы саябақта Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің қатысуымен 100 ағаш отырғызылды.

Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етіп, жастардың жауапкершілігін арттырады. Қозыбаев университеті дәстүрлі түрде қоршаған ортаны сақтауға және жастар арасында экологиялық сананы дамытуға бағытталған бастамаларды қолдайды.

12.10.2025