"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.

Платон

Отбасы күні

ЖОО-да Қазақстан Республикасының Отбасы күніне орай 1 курс студенттеріне арналған іс-шара өтті. Балалар университеттің психологиялық қызметінің жұмысымен танысты. Анонимді қағидаттарға негізделген жеке кеңес беру мүмкіндіктері туралы хабарланды.

Сондай-ақ,  қазан айынан бастап жұмысын жалғастыратын студенттердің психологиялық клубы туралы мағұлмат берілді. Мұнда фильмдер қарап, бірлескен экскурсиялар жасап, түрлі ойындар мен басқа да іс-шаралар барысында, білікті мамандар, балаларды қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, ұжымда өзара қарым-қатынас құруға және психологиялық денсаулығын нығайтуға үйретеді.Студенттер алдында СҚО жастар денсаулық орталығының мамандары сөз сөйледі.

Оның жетекшісі, дәрігер-терапевт Айымгүл Қанашева медициналық мекеменің жұмыс бағыттары мен 10-28 жас аралығындағы жастар тегін әрі анонимді түрде алатын қызметтер туралы айтып берді. Дәрігер-педиатр Гүлнұр Бекебаева кездесуге қатысушыларға жастардың репродуктивті денсаулығы мәселелеріне тоқталып, оны сақтау мен қолдаудың негізгі тәсілдерін атап өтті. Кездесуге барлығы 500-ден астам бірінші курс студенттері қатысты

10.09.2025