Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Үлкен мүмкіндіктерге толы университет: Ермек Көшербаев Қозыбаев университетінің әлеуетімен танысты

Қозыбаев университетіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев келді. Ол Университеттің инфрақұрылымымен, ғылыми әзірлемелермен танысып, Аризона университетімен бірлесіп ашылған қос дипломдық бағдарламалардың студенттерімен кездесті. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен бірге заманауи, 1200 орындық жаңа жайлы студенттік жатақханада болды.

Қонақтарға өңірдегі жалғыз жоғары оқу орнын зерттеу университетіне айналдыру барысы таныстырылды. Солтүстік Қазақстан университеті Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде бірінші болып Аризона университетімен стратегиялық серіктестік орнатты. Бүгінде ол 5 қос дипломдық және 11 бірлескен бағдарлама бойынша жүзеге асырылады, мұнда Қазақстанның барлық аймақтарынан, АҚШ пен Ресейден 1200-ден астам студент білім алады. Биылғы жылы алғашқы студенттер Аризона университетінің негізгі кампусына бір семестр бойы Тусон қаласына оқуға барады. Американдық серіктестермен мұндай ынтымақтастық олар үшін үлкен перспективалар ашады. Себебі түлектер бірден екі диплом алып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері айтарлықтай артады. Сондай-ақ, халықаралық командада жұмыс істеу тәжірибесіне ие болады.

Вице-премьер ғылыми жобаларын ұсынған Қозыбаев университетінің ғалымдарымен де кездесті. Жалпы биылғы жылы ҒЗТКЖ кірісінің үлесі 1 млрд 300 млн теңгеге дейін өсті. Бүгінгі таңда университет Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің үлкен қолдауымен күкіртті полимерлеу және өңдеу, флора мен фаунаның қазақстандық түрлерінің геномикасы, су ресурстары және хлорелла микробалдырларының көмегімен су объектілерін биотазалау, білім мен технология трансферті салаларында бірнеше ірі ғылыми жобаларды жүзеге асырады.

Қозыбаев университетінде оқуды таңдаған шетелдік студенттермен, сондай-ақ Сауд Арабиясының KAUST университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан білім алушылармен бейнебайланыс арқылы тілдескен Ермек Көшербаев, олардың ғылыми жұмыстарына сәттілік тіледі.

15.08.2025