Солтүстік Қазақстан өңірінде бірегей археологиялық мұра – Ботай қонысы (б.э.д. 4 мың жыл) орналасқан. Ғалымдар дәлелдегендей, осы кезеңде адамзат тарихында алғаш рет жылқы қолға үйретілген. 1980 жылдары біздің ЖОО-да шамамен 30 жыл жұмыс істеген археолог В.Ф. Зайберт ашқан жаңалық, бүгінде әлемдік деңгейде танылды.Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы көне қоныс аумағында «Ботай– Ұлы Дала Мәдениеті» халықаралық тимбилдинг семинары өтті.
Семинар жұмысына әлемнің әр елінен жетекші тарихшылар, суретшілер, Қозыбаев университетінің басшылығы, ғалымдары, студенттері мен оқытушылары қатысты. Апта бойы 15 студент- археологтар қазба жұмыстарын жүргізді. Экспедицияны атақты ғалым, Ботай қонысын ашушы, университетіміздің профессоры Анатолий Плешаков басқарды. Білім алушылар өз зерттеулерінің нәтижелерімен, тапқан жаңалықтарымен бөлісті.
Айтып өткен жөн, университетте тарихи бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша 170-ке жуық адам білім алады.Болашақ жас мамандар үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаевпен маңызды кездесу өтті. Студенттер бірегей тарихи орында жасап жатқан археологиядағы алғашқы қадамдары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, көшпелі семинар аясында халықаралық суретшілердің көрмелері, көне өндірістік процестерді қайта жаңғырту, ежелгі адамдардың үйлерін мұражайландыру жұмыстары ұйымдастырылды.
«Тарихи ескерткіштер – біздің тарихымыздың өркениеттік бастауы және Қазақстан мен бүкіл түркі әлемінің баға жетпес мұрасы. Солтүстік Қазақстандағы Ботайдың алатын орны ерекше. Бүгінде Ботайды дүние жүзі ғалымдары мойындап отыр. Мұндай нысандарды зерттеу жұмыстары, халқымыздың бойына рухани күш-қуат сыйлайды. Бұл ескерткіштерді дамытып, ғылыми зерттеулерге, мәдени іс-шаралар мен туризмге жағдай жасау қажет, қазірдің өзінде мұнда археологиялық экспедициялар, халықаралық симпозиумдар мен білім беру бағдарламаларын ұйымдастырып, мұраны ғылымның, шығармашылықтың алаңына айналдыру қажет», - деді Ермек Көшербаев.
Қозыбаев университетін Қазақстанның және түркі әлемінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттау шараларына үлес қосқаны үшін мақтан тұтамыз!