Бүгін Инженерлік және сандық технологиялар факультеті мен Тарих, экономика және құқық факультеттерінде жарқын мереке. Аталған білім беру бағдарламаларының түлектері жоғары білім туралы құжаттарын алды. Салтанатты іс-шара университеттің бас сахнасында өтті. Мерекелік кешке түлектердің ата-аналары, достары және оқытушылары қатысты. Бүгін студенттер үшін көптен күткен ерекше сәт.
Жалпы, биыл инженерлік және сандық технологиялар факультетін 207 адам, тарих, экономика және құқық факультетін 246 адам бітірді. Алда екі күндік диплом кештерін күтіңіздер. 9 шілде ТжӘИ мен МЖҒФ үшін, 10 шілдеде МФ және АФ, сондай-ақ Петропавл қаласының орталық алаңында SAMGAU– 2025 салтанаты өтеді.
Барлық түлектерімізге сәттілік, қызықты әрі табысты мүмкіндіктер тілейміз!