Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Бірлескен ынтымақтастық жолындағы сенімді бастама

Біз еліміздегі дәнді, бұршақ, майлы азықтық дақылдарды өсіру технологияларын әзірлеу және жаңа сорттар жасау бойынша қолданбалы зерттеулермен айналысатын жетекші мекеме А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ЖШС-мен меморандумға қол қойдық.

Бұл ынтымақтастық мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға бірлескен ғылыми әзірлемелер мен тағылымдамадан өтуге, ғылыми материалдармен алмасуға, дәнді дақылдардың сорттарын таңдауға мүмкіндік береді. Болашақ серіктестік аясында молекулалық-генетикалық зерттеулерге ерекше көңіл бөлетін боламыз.

Біздің университет қазірдің өзінде халықаралық ғылыми ынтымақтастық жолымен сенімді қадам басып келеді. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығымен және жетекші халықаралық серіктестермен— Аризона университеті, АҚШ (профессор Род Винг) және Король Абдалла KAUST атындағы Ғылым және технология университетімен, Сауд Арабиясы (профессор Джесси Поланд)— біз Қазақстанның жағдайына бейімделген жаңа сорттарды құру мақсатында бидайды зерттеуге бағыт жасаймыз.

Биылғы жылы екі студентіміз KAUST-та Поланд профессордың зертханасында тағылымдамадан өтуге толық грант ұтып алды. Олар бидайдың геномдық сұрыптау әдістерін тәжірибе жүзінде зерттеп, А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығымен жүзеге асыратын жобаларда қолданады. Біздің институттардың ғылыми әлеуетін, инфрақұрылымын және сараптамалық ресурстарын біріктіру-академиялық орта мен еліміздің агроөнеркәсіптік кешені үшін де нақты нәтиже береді.

04.07.2025