Тарих ғылымдарының докторы Ілияс Қозыбаев кітапханамыздың қорына орыс және қазақ тілдеріндегі басылымдарды сыйға тартты. Оқу ордамыздың кітапханасы тарихи-өмірбаяндық (естелік) бағытындағы 30-дан аса кітаппен толықты. Жинақта тарихи әдебиет, жазушылардың шығармалары мен өмірбаяндары туралы еңбектер ұсынылған.
Басылымдардың барлығы академик Манаш Қозыбаевтың жеке коллекциясынан алынған, 2003 жылдан бері ғалымның есімі біздің жоғары оқу орнына берілді.Айтып өткен жөн, Қаныш Сәтбаев туралы, сондай-ақ, Мұхит — Ардагер Сыдықназаровтың қазақ жерінің карталары бар иллюстрацияланған кітабы-нағыз көрнекі қазына.Бұл жинақтар студенттерге еліміздің тарихы туралы ой-өрістерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Ілияс Манашұлына кітаптар үшін алғыс айтамыз!