Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Солтүстік Қазақстан және Шэньси: аграрлық саладағы стратегиялық серіктестік
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қытайдағы жетекші аграрлық ғылыми орталықтарының бірі- Янлин қаласындағы Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің профессорларымен кездесу өткізді. Шара барысында Қозыбаев университетінің басшылығымен және ғалымдарымен бірлесіп, жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ғылыми жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Өткен жылы өңір басшысы бастаған Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Қытайдың Шэньси провинциясында СБАОШ университетімен танысты. Сапар аясында Янлинде білім алып жатқан докторанттарымызбен кездесулер, мал шаруашылығы бойынша Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасының ашылу салтанаты өтті. Екі университет арасындағы қарқынды дамып келе жатқан стратегиялық серіктестік еліміздің Солтүстік өңірінің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған.
