Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Ұзақ әрі табысты серіктестік

Біздің университет 2017 жылдан бері Солтүстік-Батыс ауыл және Орман шаруашылығы университетімен (ҚХР) ынтымақтасады. Осы уақыт ішінде біз серіктестермен шынайы достық қарым-қатынаста байланыс орнаттық.

Ынтымақтастық кезеңінде Қытайдан «Агрономия» және «Мал шаруашылығы» бағдарламалары бойынша 60-тан астам студент оқуға келсе, Қозыбаев университетінің 25 студенті мен магистранттары Қытайда өндірістік тәжірибе мен тағылымдамадан өтті. Қазіргі уақытта АФ екі оқытушысы Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің докторантурасында білім алады. Біз «Агрономия» және «Мал шаруашылығы» бағыттары бойынша бірлескен қос дипломдық бағдарламалар аштық.

Қазақстанның Солтүстік өңірі үшін, селекция және тұқым шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, су ресурстары саласында маңызды ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Бүгін біз Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінен келген құрметті қонақтарымыз  Yu Jiang, Xiong Dongmei және Zhongliang Jiang профессорларын қарсы алдық.

Кездесу барысында жаһандық ғылыми жобаларға көші туралы ортақ пікірге келдік. Қытайлық әріптестермен бірлесіп біздің ғалымдар Қазақстан Республикасы ҒЖБМ гранттық қаржыландыруға өтінімдерін жіберіп жатыр. Біз ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Қытай ғылыми орталығын құру бастамасын ұсындық. Серіктестерімізге жобаны қолдағаны үшін алғыс айтамыз. Бұл орталық ауыл шаруашылығы саласында Солтүстік өңірдегі және жалпы Қазақстандағы, сондай-ақ, шекаралас мемлекеттердегі тауар өндірушілердің сұранысын өтейтін болады. Біздің бірлескен зерттеулеріміздің негізгі идеясы – елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл жолы әріптестер Солтүстік Қазақстан облысының басшылығымен және өңірдегі ірі аграрлық кәсіпорындарымен кездеседі. Айтып өткен жөн, «Мәмбетов и К» КТ және «Қызылжар сүт» ЖШС базасында өнімділікті арттырудың инновациялық технологиялары сыналатын мал шаруашылығы технологияларының демонстрациялық парктері жұмыс істейді.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысының ғылым жөніндегі кеңесі құрылған. Бастамалардың бірі ретінде қытайлық серіктестерге, Ауыл шаруашылығы комитетінің құрамында, осы Кеңеске кіру туралы ұсыныс жасалды.

Қытайдағы жетекші аграрлық университетпен стратегиялық серіктестік, облысымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ауыл шаруашылығы өндірісін жаңғыртуға, кадрларды даярлаудың халықаралық стандарттарын енгізуге, экспорттық әлеуетті дамытуға және Солтүстік Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне инвестициялар тартуға ықпал етеді.

30.06.2025